ಪವಿತ್ರ ಕುರ್‌ಆನ್ ಅರ್ಥಾನುವಾದ - ಕಜಕ್ ಅನುವಾದ - ಖಲೀಫ ಅತ್ತಾಈ

ಪುಟ ಸಂಖ್ಯೆ:close

external-link copy
46 : 8

وَأَطِيعُواْ ٱللَّهَ وَرَسُولَهُۥ وَلَا تَنَٰزَعُواْ فَتَفۡشَلُواْ وَتَذۡهَبَ رِيحُكُمۡۖ وَٱصۡبِرُوٓاْۚ إِنَّ ٱللَّهَ مَعَ ٱلصَّٰبِرِينَ

Аллаға әлі Елшісіне бой ұсыныңдар, өзара жанжалдаспаңдар, онда үрейлесіңдер де құттарың қашады және сабырлы болыңдар. Расында Алла, сабырлылармен бірге. info
التفاسير:

external-link copy
47 : 8

وَلَا تَكُونُواْ كَٱلَّذِينَ خَرَجُواْ مِن دِيَٰرِهِم بَطَرٗا وَرِئَآءَ ٱلنَّاسِ وَيَصُدُّونَ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِۚ وَٱللَّهُ بِمَا يَعۡمَلُونَ مُحِيطٞ

Жұрттарынан шендене адамдарға мақтанып шыққандар, сондай-ақ Алланың жолынан тосатындар тәрізді болмаңдар! Алла (Т.) олардың істегендерін толық біледі. info
التفاسير:

external-link copy
48 : 8

وَإِذۡ زَيَّنَ لَهُمُ ٱلشَّيۡطَٰنُ أَعۡمَٰلَهُمۡ وَقَالَ لَا غَالِبَ لَكُمُ ٱلۡيَوۡمَ مِنَ ٱلنَّاسِ وَإِنِّي جَارٞ لَّكُمۡۖ فَلَمَّا تَرَآءَتِ ٱلۡفِئَتَانِ نَكَصَ عَلَىٰ عَقِبَيۡهِ وَقَالَ إِنِّي بَرِيٓءٞ مِّنكُمۡ إِنِّيٓ أَرَىٰ مَا لَا تَرَوۡنَ إِنِّيٓ أَخَافُ ٱللَّهَۚ وَٱللَّهُ شَدِيدُ ٱلۡعِقَابِ

Сол уақытта шайтан олардың қылықтарын өздеріне әдемі көрсетті де: «Бүгін адамдардан сендерді жеңуші жоқ. Расында мен сендерге көмекшімін» деді. Екі топ бірін-бірі көргенде, теріс айналып: «Мен сендерден мүлде беземін.Өйткені, сендер көрмейтін нәрсені көремін. Алладан қорқамын. Алла қатты азап иесі.» деді. info
التفاسير:

external-link copy
49 : 8

إِذۡ يَقُولُ ٱلۡمُنَٰفِقُونَ وَٱلَّذِينَ فِي قُلُوبِهِم مَّرَضٌ غَرَّ هَٰٓؤُلَآءِ دِينُهُمۡۗ وَمَن يَتَوَكَّلۡ عَلَى ٱللَّهِ فَإِنَّ ٱللَّهَ عَزِيزٌ حَكِيمٞ

Сол уақытта мұнафықтармен жүректерінде дерті барлар: «Мұсылмандарды, діндері алдады» дейді. Негізінде кім Аллаға тәуекел қылса, расында Алла, үстем, хикмет иесі. info
التفاسير:

external-link copy
50 : 8

وَلَوۡ تَرَىٰٓ إِذۡ يَتَوَفَّى ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ ٱلۡمَلَٰٓئِكَةُ يَضۡرِبُونَ وُجُوهَهُمۡ وَأَدۡبَٰرَهُمۡ وَذُوقُواْ عَذَابَ ٱلۡحَرِيقِ

Періштелер, сондай қарсы болғандардың беттеріне, арқаларына ұрып: «Күйдіретін азапты татыңдар!»,- деп жандарын алғанын көрсең! info
التفاسير:

external-link copy
51 : 8

ذَٰلِكَ بِمَا قَدَّمَتۡ أَيۡدِيكُمۡ وَأَنَّ ٱللَّهَ لَيۡسَ بِظَلَّٰمٖ لِّلۡعَبِيدِ

Бұл бұрыңғы өз қолдарыңмен істегендеріңнің салдарынан. Алла құлдарына зұлымдық етуші емес. info
التفاسير:

external-link copy
52 : 8

كَدَأۡبِ ءَالِ فِرۡعَوۡنَ وَٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِهِمۡۚ كَفَرُواْ بِـَٔايَٰتِ ٱللَّهِ فَأَخَذَهُمُ ٱللَّهُ بِذُنُوبِهِمۡۚ إِنَّ ٱللَّهَ قَوِيّٞ شَدِيدُ ٱلۡعِقَابِ

(Бұлардың қылығы) Перғауындықтармен, олардан бұрынғылардың қылықтары сияқты. Олар Алланың аяттарына қарсы келген еді де, Алла, оларды күнәларының салдарынан қолға алды. Күдіксіз Алла, аса қуатты, азабы қатты. info
التفاسير: