ಪವಿತ್ರ ಕುರ್‌ಆನ್ ಅರ್ಥಾನುವಾದ - ಕಜಕ್ ಅನುವಾದ - ಖಲೀಫ ಅತ್ತಾಈ

Му`минун

external-link copy
1 : 23

قَدۡ أَفۡلَحَ ٱلۡمُؤۡمِنُونَ

Шынында иман келтіргендер құтылды. info
التفاسير:

external-link copy
2 : 23

ٱلَّذِينَ هُمۡ فِي صَلَاتِهِمۡ خَٰشِعُونَ

Олар, сондай мүміндер, намаздарында іштей жалбарынады. info
التفاسير:

external-link copy
3 : 23

وَٱلَّذِينَ هُمۡ عَنِ ٱللَّغۡوِ مُعۡرِضُونَ

Олар, бос нәрселерден аулақ болады. info
التفاسير:

external-link copy
4 : 23

وَٱلَّذِينَ هُمۡ لِلزَّكَوٰةِ فَٰعِلُونَ

Олар, зекеттерін береді. info
التفاسير:

external-link copy
5 : 23

وَٱلَّذِينَ هُمۡ لِفُرُوجِهِمۡ حَٰفِظُونَ

Олар, ұятты жерлерін сақтайды. info
التفاسير:

external-link copy
6 : 23

إِلَّا عَلَىٰٓ أَزۡوَٰجِهِمۡ أَوۡ مَا مَلَكَتۡ أَيۡمَٰنُهُمۡ فَإِنَّهُمۡ غَيۡرُ مَلُومِينَ

Бірақ. жұбайлары немесе меншіктілері болса, оларға сөгіс жоқ. info
التفاسير:

external-link copy
7 : 23

فَمَنِ ٱبۡتَغَىٰ وَرَآءَ ذَٰلِكَ فَأُوْلَٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡعَادُونَ

Онда кім бұлардан басқаны іздесе, міне солар, шектен шығушылар. info
التفاسير:

external-link copy
8 : 23

وَٱلَّذِينَ هُمۡ لِأَمَٰنَٰتِهِمۡ وَعَهۡدِهِمۡ رَٰعُونَ

Олар, аманаттарын, уәделерін қорғаушы. info
التفاسير:

external-link copy
9 : 23

وَٱلَّذِينَ هُمۡ عَلَىٰ صَلَوَٰتِهِمۡ يُحَافِظُونَ

Олар, намаздарына ұқыпты. info
التفاسير:

external-link copy
10 : 23

أُوْلَٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡوَٰرِثُونَ

Міне солар, мұрагерлер. info
التفاسير:

external-link copy
11 : 23

ٱلَّذِينَ يَرِثُونَ ٱلۡفِرۡدَوۡسَ هُمۡ فِيهَا خَٰلِدُونَ

Олар онда мәңгі қалатын фердауыс жаннатына мұрагер болады. info
التفاسير:

external-link copy
12 : 23

وَلَقَدۡ خَلَقۡنَا ٱلۡإِنسَٰنَ مِن سُلَٰلَةٖ مِّن طِينٖ

Расында адамды нағыз балшықтан жараттық. info
التفاسير:

external-link copy
13 : 23

ثُمَّ جَعَلۡنَٰهُ نُطۡفَةٗ فِي قَرَارٖ مَّكِينٖ

Сонан кейін оны жатырда түратын тамшы қылдық. info
التفاسير:

external-link copy
14 : 23

ثُمَّ خَلَقۡنَا ٱلنُّطۡفَةَ عَلَقَةٗ فَخَلَقۡنَا ٱلۡعَلَقَةَ مُضۡغَةٗ فَخَلَقۡنَا ٱلۡمُضۡغَةَ عِظَٰمٗا فَكَسَوۡنَا ٱلۡعِظَٰمَ لَحۡمٗا ثُمَّ أَنشَأۡنَٰهُ خَلۡقًا ءَاخَرَۚ فَتَبَارَكَ ٱللَّهُ أَحۡسَنُ ٱلۡخَٰلِقِينَ

Содан кейін тамшыны ұйыған қан етіп жараттық, ұйыған қанды бір тілім / шайналған секілді / ет етіп жаратып, / шайналған секілді / етті сүйектер етіп жараттық, сүйектерді етпен қаптадық. Содан кейін оны өзге жаратылыспен жараттық. Жасап шығарушылардың ең жақсысы Аллаһ- аса Берекелі. info
التفاسير:

external-link copy
15 : 23

ثُمَّ إِنَّكُم بَعۡدَ ذَٰلِكَ لَمَيِّتُونَ

Бұдан кейін әрине сендер өлесіңдер. info
التفاسير:

external-link copy
16 : 23

ثُمَّ إِنَّكُمۡ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ تُبۡعَثُونَ

Сосын сендер қиямет күні, Күдіксіз тірілтілесіңдер. info
التفاسير:

external-link copy
17 : 23

وَلَقَدۡ خَلَقۡنَا فَوۡقَكُمۡ سَبۡعَ طَرَآئِقَ وَمَا كُنَّا عَنِ ٱلۡخَلۡقِ غَٰفِلِينَ

Рас үстеріңде жеті жол жараттық. Сондай-ақ жаратқандарымыздан хабарсыз емеспіз. (Жаратудан да жаратылғандардан да хабарымыз бар.) info
التفاسير: