ಪವಿತ್ರ ಕುರ್‌ಆನ್ ಅರ್ಥಾನುವಾದ - ಕಜಕ್ ಅನುವಾದ - ಖಲೀಫ ಅತ್ತಾಈ

ಪುಟ ಸಂಖ್ಯೆ:close

external-link copy
102 : 21

لَا يَسۡمَعُونَ حَسِيسَهَاۖ وَهُمۡ فِي مَا ٱشۡتَهَتۡ أَنفُسُهُمۡ خَٰلِدُونَ

Олар тозақтың сыбдырын да естімейді. Сондай-ақ олар жаннаттағы көңілдері қалаған нәрселерінде мәңгі қалады. info
التفاسير:

external-link copy
103 : 21

لَا يَحۡزُنُهُمُ ٱلۡفَزَعُ ٱلۡأَكۡبَرُ وَتَتَلَقَّىٰهُمُ ٱلۡمَلَٰٓئِكَةُ هَٰذَا يَوۡمُكُمُ ٱلَّذِي كُنتُمۡ تُوعَدُونَ

Оларды қорқыныштың ең зоры уайымдатпайды да оларды періштелер: "Міне бұл сендерге уәде етілген күн" деп қарсы алады. info
التفاسير:

external-link copy
104 : 21

يَوۡمَ نَطۡوِي ٱلسَّمَآءَ كَطَيِّ ٱلسِّجِلِّ لِلۡكُتُبِۚ كَمَا بَدَأۡنَآ أَوَّلَ خَلۡقٖ نُّعِيدُهُۥۚ وَعۡدًا عَلَيۡنَآۚ إِنَّا كُنَّا فَٰعِلِينَ

Ол күнде, көкті, кітаптың бетін бүктегендей бүктейміз де, әуел бастағыдай қайта жаратамыз. Бұл Бізге бір міндет. Шынында Біз орындаймыз. info
التفاسير:

external-link copy
105 : 21

وَلَقَدۡ كَتَبۡنَا فِي ٱلزَّبُورِ مِنۢ بَعۡدِ ٱلذِّكۡرِ أَنَّ ٱلۡأَرۡضَ يَرِثُهَا عِبَادِيَ ٱلصَّٰلِحُونَ

Расында Тәураттан кейінгі Зәбүрде: "Жерге игі қүлдарым мұрагер болады" деп жаздық. (24-С.55-А.) info
التفاسير:

external-link copy
106 : 21

إِنَّ فِي هَٰذَا لَبَلَٰغٗا لِّقَوۡمٍ عَٰبِدِينَ

Күдіксіз осы Құранда, құлшылық қылған елге, әрине бір ұқтыру бар. info
التفاسير:

external-link copy
107 : 21

وَمَآ أَرۡسَلۡنَٰكَ إِلَّا رَحۡمَةٗ لِّلۡعَٰلَمِينَ

(Мұхаммед Ғ.С.) Біз сені бүкіл әлемге рахмет етіп қана жібердік. info
التفاسير:

external-link copy
108 : 21

قُلۡ إِنَّمَا يُوحَىٰٓ إِلَيَّ أَنَّمَآ إِلَٰهُكُمۡ إِلَٰهٞ وَٰحِدٞۖ فَهَلۡ أَنتُم مُّسۡلِمُونَ

"Шын мәнінде маған, Тәңірлерің бір-ақ Тәңір деп уахи етілді. Онда Соған бой ұсынасыңдар ма?",- де. info
التفاسير:

external-link copy
109 : 21

فَإِن تَوَلَّوۡاْ فَقُلۡ ءَاذَنتُكُمۡ عَلَىٰ سَوَآءٖۖ وَإِنۡ أَدۡرِيٓ أَقَرِيبٌ أَم بَعِيدٞ مَّا تُوعَدُونَ

Ал сонда егер олар жүз бұрса: "Сендерді тегіс құлақтандырдым. Сендерге уәде етілген нәрсе алыс па? Жақын ба? Білмеймін" де. info
التفاسير:

external-link copy
110 : 21

إِنَّهُۥ يَعۡلَمُ ٱلۡجَهۡرَ مِنَ ٱلۡقَوۡلِ وَيَعۡلَمُ مَا تَكۡتُمُونَ

"Күдіксіз Алла, сөздің көрнеуін де біледі, жасырғандарыңды да біледі." info
التفاسير:

external-link copy
111 : 21

وَإِنۡ أَدۡرِي لَعَلَّهُۥ فِتۡنَةٞ لَّكُمۡ وَمَتَٰعٌ إِلَىٰ حِينٖ

"Білмеймін. (Бәлкім бұл (мерзім) сендер үшін бір сынау, бір заманға дейін пайдалану шығар." info
التفاسير:

external-link copy
112 : 21

قَٰلَ رَبِّ ٱحۡكُم بِٱلۡحَقِّۗ وَرَبُّنَا ٱلرَّحۡمَٰنُ ٱلۡمُسۡتَعَانُ عَلَىٰ مَا تَصِفُونَ

(Мұхаммед Ғ.С.): "Раббым, туралықпен үкім ет. Жасама сүреттеулеріңе, мейірімді Раббымыздан жәрдем тіленеді" деді. info
التفاسير: