क़ुरआन के अर्थों का अनुवाद - कज़ाख अनुवाद - खलीफ़ा अलताय

पृष्ठ संख्या:close

external-link copy
11 : 43

وَٱلَّذِي نَزَّلَ مِنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءَۢ بِقَدَرٖ فَأَنشَرۡنَا بِهِۦ بَلۡدَةٗ مَّيۡتٗاۚ كَذَٰلِكَ تُخۡرَجُونَ

Ол сондай Алла, көктен мөлшермен жаңбыр жаудыруда. Сонда онымен өлі бір жерді құлпырттық. Сол сияқты тірілтіліп, шығарыласыңдар. info
التفاسير:

external-link copy
12 : 43

وَٱلَّذِي خَلَقَ ٱلۡأَزۡوَٰجَ كُلَّهَا وَجَعَلَ لَكُم مِّنَ ٱلۡفُلۡكِ وَٱلۡأَنۡعَٰمِ مَا تَرۡكَبُونَ

Ол сондай Алла, барлық жүптерді жаратты. Сондай-ақ сендерге кемеден және хайуандардан мінетін көлік жаратты. info
التفاسير:

external-link copy
13 : 43

لِتَسۡتَوُۥاْ عَلَىٰ ظُهُورِهِۦ ثُمَّ تَذۡكُرُواْ نِعۡمَةَ رَبِّكُمۡ إِذَا ٱسۡتَوَيۡتُمۡ عَلَيۡهِ وَتَقُولُواْ سُبۡحَٰنَ ٱلَّذِي سَخَّرَ لَنَا هَٰذَا وَمَا كُنَّا لَهُۥ مُقۡرِنِينَ

Олардың үстіне мінсеңдер, сосын Раббыларыңның нығметін еске алып: "Бұны бізге бағындырған Алла пәк. Өйткені біз бұған жақындаса алмайтын едік" дейсіңдер. info
التفاسير:

external-link copy
14 : 43

وَإِنَّآ إِلَىٰ رَبِّنَا لَمُنقَلِبُونَ

"Күдіксіз Раббымызға қайтарыламыз." info
التفاسير:

external-link copy
15 : 43

وَجَعَلُواْ لَهُۥ مِنۡ عِبَادِهِۦ جُزۡءًاۚ إِنَّ ٱلۡإِنسَٰنَ لَكَفُورٞ مُّبِينٌ

(Мұхаммед Ғ.С.) олар Аллаға құлдарының бір бөлімін арнады. (Періштелерді Алланың қыздары дейді.) Расында адам баласы ашық нәсүкір. info
التفاسير:

external-link copy
16 : 43

أَمِ ٱتَّخَذَ مِمَّا يَخۡلُقُ بَنَاتٖ وَأَصۡفَىٰكُم بِٱلۡبَنِينَ

Немесе Ол, жаратқандарынан қыздарды өзі алып, ұлдарды сендерге арнады ма? info
التفاسير:

external-link copy
17 : 43

وَإِذَا بُشِّرَ أَحَدُهُم بِمَا ضَرَبَ لِلرَّحۡمَٰنِ مَثَلٗا ظَلَّ وَجۡهُهُۥ مُسۡوَدّٗا وَهُوَ كَظِيمٌ

Олардың біреуіне Аллаға арнағанының ұқсасы шүйіншіленсе, (қатының қыз тапты делінсе,) беттері қарайып, оны ашу кернейді. info
التفاسير:

external-link copy
18 : 43

أَوَمَن يُنَشَّؤُاْ فِي ٱلۡحِلۡيَةِ وَهُوَ فِي ٱلۡخِصَامِ غَيۡرُ مُبِينٖ

Моншақ ішінде тәрбиеленіп, өз дауында баян ете алмайтын біреу ме? (Осындай нәзік жаралған қыздар Алланікі бола ма?) info
التفاسير:

external-link copy
19 : 43

وَجَعَلُواْ ٱلۡمَلَٰٓئِكَةَ ٱلَّذِينَ هُمۡ عِبَٰدُ ٱلرَّحۡمَٰنِ إِنَٰثًاۚ أَشَهِدُواْ خَلۡقَهُمۡۚ سَتُكۡتَبُ شَهَٰدَتُهُمۡ وَيُسۡـَٔلُونَ

Олар, Алланың құлдары періштелерді өздерінше әйелдерге балайды. Олар, олардың жаратылуын көріп пе еді? Олардың бұл куеліктері жазылып жене сұралады. info
التفاسير:

external-link copy
20 : 43

وَقَالُواْ لَوۡ شَآءَ ٱلرَّحۡمَٰنُ مَا عَبَدۡنَٰهُمۗ مَّا لَهُم بِذَٰلِكَ مِنۡ عِلۡمٍۖ إِنۡ هُمۡ إِلَّا يَخۡرُصُونَ

Тағы олар: "Мейірімді Алла, қаласа еді, біз періштелерге табынбас едік" деді. Олардың оған байланысты мәліметтері жоқ. Олардікі мүлде межелеу ғана. info
التفاسير:

external-link copy
21 : 43

أَمۡ ءَاتَيۡنَٰهُمۡ كِتَٰبٗا مِّن قَبۡلِهِۦ فَهُم بِهِۦ مُسۡتَمۡسِكُونَ

Немесе оларға бұдан бұрын бір кітап бердік те соған жабысуда ма? info
التفاسير:

external-link copy
22 : 43

بَلۡ قَالُوٓاْ إِنَّا وَجَدۡنَآ ءَابَآءَنَا عَلَىٰٓ أُمَّةٖ وَإِنَّا عَلَىٰٓ ءَاثَٰرِهِم مُّهۡتَدُونَ

Керісінше, олар: "Аталарымызды бір жол үстінде таптық. Расында біз де олардың іздеріне түсіп, тура жол табамыз" дейді. info
التفاسير: