કુરઆન મજીદના શબ્દોનું ભાષાંતર - કઝાખ ભાષામાં અનુવાદ - ખલીફા અલતાઇ

Әхқаф

external-link copy
1 : 46

حمٓ

Ха. Мим. info
التفاسير:

external-link copy
2 : 46

تَنزِيلُ ٱلۡكِتَٰبِ مِنَ ٱللَّهِ ٱلۡعَزِيزِ ٱلۡحَكِيمِ

Бұл Кітап тым үстем, хикмет иесі Алла тарапынан түсірілді. info
التفاسير:

external-link copy
3 : 46

مَا خَلَقۡنَا ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ وَمَا بَيۡنَهُمَآ إِلَّا بِٱلۡحَقِّ وَأَجَلٖ مُّسَمّٗىۚ وَٱلَّذِينَ كَفَرُواْ عَمَّآ أُنذِرُواْ مُعۡرِضُونَ

Көктер мен жерді ері екі арасындағыларды шындық бойынша, бір мерзім белгілеп қана жараттық. Ал сондай қарсы болғандар, ескертілген нәрседен жалтаруда. info
التفاسير:

external-link copy
4 : 46

قُلۡ أَرَءَيۡتُم مَّا تَدۡعُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ أَرُونِي مَاذَا خَلَقُواْ مِنَ ٱلۡأَرۡضِ أَمۡ لَهُمۡ شِرۡكٞ فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِۖ ٱئۡتُونِي بِكِتَٰبٖ مِّن قَبۡلِ هَٰذَآ أَوۡ أَثَٰرَةٖ مِّنۡ عِلۡمٍ إِن كُنتُمۡ صَٰدِقِينَ

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Алладан өзге шоқынған нәрселеріңді көрдіңдер ме? Олар жер жүзінде не жаратты, маған көрсетіңдерші. Немесе олардың көктерде ортақтығы бар ма? Егер шыншыл болсаңдар, маған бұдан бұрынғы бір кітап яки ғылми деректер келтіріңдер" де. info
التفاسير:

external-link copy
5 : 46

وَمَنۡ أَضَلُّ مِمَّن يَدۡعُواْ مِن دُونِ ٱللَّهِ مَن لَّا يَسۡتَجِيبُ لَهُۥٓ إِلَىٰ يَوۡمِ ٱلۡقِيَٰمَةِ وَهُمۡ عَن دُعَآئِهِمۡ غَٰفِلُونَ

Алладан өзге қияметке дейін өзіне жауап бере алмайтын біреуге табынғаннан кім залымырақ? Әрине табынғандары олардың жалбаруларынан хабарсыз. info
التفاسير: