કુરઆન મજીદના શબ્દોનું ભાષાંતર - કઝાખ ભાષામાં અનુવાદ - ખલીફા અલતાઇ

પેજ નંબર:close

external-link copy
21 : 18

وَكَذَٰلِكَ أَعۡثَرۡنَا عَلَيۡهِمۡ لِيَعۡلَمُوٓاْ أَنَّ وَعۡدَ ٱللَّهِ حَقّٞ وَأَنَّ ٱلسَّاعَةَ لَا رَيۡبَ فِيهَآ إِذۡ يَتَنَٰزَعُونَ بَيۡنَهُمۡ أَمۡرَهُمۡۖ فَقَالُواْ ٱبۡنُواْ عَلَيۡهِم بُنۡيَٰنٗاۖ رَّبُّهُمۡ أَعۡلَمُ بِهِمۡۚ قَالَ ٱلَّذِينَ غَلَبُواْ عَلَىٰٓ أَمۡرِهِمۡ لَنَتَّخِذَنَّ عَلَيۡهِم مَّسۡجِدٗا

(Рауаят бойынша; олардың базарға барғаны, сауда алғанда Берген ақшасы, көне Дақянұс ақшасы екенін көргендер, бұл қазына тауып алған екен деп ойлап, патша сұрастырғанда: сонау Дақянұс дәуіріндегі қашқандар екенін білген патша; елімен барып сөйлескеннен соң үңгірдегілер өліп, сонда жерленеді. Әл Ытқан, Табари.) Осылайша,Алланың уәдесінің шындығын, қияметтің шәксіздігін әлемнің білуі үшін оларды, бұларға мәлімдедік. Сол кезде бұлар; өзара олар жөнінде тартысуда еді. Кейі: “Олардың үстіне үй салыңдар ” деді. Раббылары оларды жақсы біледі. Ал бұлардың іс басындағылары: “Әрине олардың үстіне мешіт жасап алайық” деді. info
التفاسير:

external-link copy
22 : 18

سَيَقُولُونَ ثَلَٰثَةٞ رَّابِعُهُمۡ كَلۡبُهُمۡ وَيَقُولُونَ خَمۡسَةٞ سَادِسُهُمۡ كَلۡبُهُمۡ رَجۡمَۢا بِٱلۡغَيۡبِۖ وَيَقُولُونَ سَبۡعَةٞ وَثَامِنُهُمۡ كَلۡبُهُمۡۚ قُل رَّبِّيٓ أَعۡلَمُ بِعِدَّتِهِم مَّا يَعۡلَمُهُمۡ إِلَّا قَلِيلٞۗ فَلَا تُمَارِ فِيهِمۡ إِلَّا مِرَآءٗ ظَٰهِرٗا وَلَا تَسۡتَفۡتِ فِيهِم مِّنۡهُمۡ أَحَدٗا

Бұлар көрмей-ақ мөлшерменен: “Олар үшеу, төртіншісі иттері” деп, кейі. “Олар бесеу , алтыншысы иттері ” деп, кейі: “Жоқ, олар жетеу,сегізіншісі иттері иттері” дейді. “Олардың санын Раббым жақсы біледі. Адамдардың өте азы ғана біледі” де. Оның үшін олар жайында тартысып, олар үшін ешбіреуінен дәнеңе сұрама. info
التفاسير:

external-link copy
23 : 18

وَلَا تَقُولَنَّ لِشَاْيۡءٍ إِنِّي فَاعِلٞ ذَٰلِكَ غَدًا

Еш нәрсені: “Осыны ертең істеймін” деп айтпа. info
التفاسير:

external-link copy
24 : 18

إِلَّآ أَن يَشَآءَ ٱللَّهُۚ وَٱذۡكُر رَّبَّكَ إِذَا نَسِيتَ وَقُلۡ عَسَىٰٓ أَن يَهۡدِيَنِ رَبِّي لِأَقۡرَبَ مِنۡ هَٰذَا رَشَدٗا

Бірақ: “Алла қаласа (жасаймын) ” (де.) Ұмытқан заман “Раббыңды есіңе ал да туралыққа жақынырақ жолға салуынан үміткермін ” де. (Яһудилердің нұсқауы бойынша, Араптар; Мұхаммед Ғ.С. нан: Рұх; үңгірлеріне және Зұлқарнайын туралы сұрағанда: “Алла қаласа” демей; “Ертең жауап берейін” дегендіктен уахи кешіккен екен.) info
التفاسير:

external-link copy
25 : 18

وَلَبِثُواْ فِي كَهۡفِهِمۡ ثَلَٰثَ مِاْئَةٖ سِنِينَ وَٱزۡدَادُواْ تِسۡعٗا

Олар үңгірлерінде үш жүз жыл жатты. Тоғыз (жыл) арттырды. (309 жыл болды.) info
التفاسير:

external-link copy
26 : 18

قُلِ ٱللَّهُ أَعۡلَمُ بِمَا لَبِثُواْۖ لَهُۥ غَيۡبُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۖ أَبۡصِرۡ بِهِۦ وَأَسۡمِعۡۚ مَا لَهُم مِّن دُونِهِۦ مِن وَلِيّٖ وَلَا يُشۡرِكُ فِي حُكۡمِهِۦٓ أَحَدٗا

“Олардың қанша жатқанын Алла жақсы біледі. Көктер мен жердегі көместі білу Оған тән. Ол нендей толық көруші, естуші. Оларға Алладан өзге бір көмекші жоқ. Ол, өз үкіміне ешкімді ортақ қылмайды” де. info
التفاسير:

external-link copy
27 : 18

وَٱتۡلُ مَآ أُوحِيَ إِلَيۡكَ مِن كِتَابِ رَبِّكَۖ لَا مُبَدِّلَ لِكَلِمَٰتِهِۦ وَلَن تَجِدَ مِن دُونِهِۦ مُلۡتَحَدٗا

Раббыңның Кітабынан саған уахи етілгенді оқы. Оның сөздерін ешбір ауыстырушы жоқ. Әрі Одан өзге паналайтын орын да таба алмайсың. info
التفاسير: