Firo maanaaji al-quraan tedduɗo oo - Eggo maanaaji Kur'aana e haala Kajak - Kalifa Altay

Tonngoode hello ngoo:close

external-link copy
39 : 17

ذَٰلِكَ مِمَّآ أَوۡحَىٰٓ إِلَيۡكَ رَبُّكَ مِنَ ٱلۡحِكۡمَةِۗ وَلَا تَجۡعَلۡ مَعَ ٱللَّهِ إِلَٰهًا ءَاخَرَ فَتُلۡقَىٰ فِي جَهَنَّمَ مَلُومٗا مَّدۡحُورًا

(Мұхаммед Ғ.С.) міне осы, Раббыңның саған уахи еткен хикіметінен; Алла мен бірге басқа тәңір жасама: Сөгіс берілген, мәрхаметтен қуылған түрде тозаққа тасталасың . info
التفاسير:

external-link copy
40 : 17

أَفَأَصۡفَىٰكُمۡ رَبُّكُم بِٱلۡبَنِينَ وَٱتَّخَذَ مِنَ ٱلۡمَلَٰٓئِكَةِ إِنَٰثًاۚ إِنَّكُمۡ لَتَقُولُونَ قَوۡلًا عَظِيمٗا

Раббыларың сендерге ұлдарды арнап, өзіне періштелерден қыз етіп алды ма? Шынында әлбетте ауыр сөз сөйлейсіңдер. info
التفاسير:

external-link copy
41 : 17

وَلَقَدۡ صَرَّفۡنَا فِي هَٰذَا ٱلۡقُرۡءَانِ لِيَذَّكَّرُواْ وَمَا يَزِيدُهُمۡ إِلَّا نُفُورٗا

Расында бұл Құранды насихат үшін қайта-қайта баян еттік. Дегенмен олардың жиреніштерін ғана арттырды. info
التفاسير:

external-link copy
42 : 17

قُل لَّوۡ كَانَ مَعَهُۥٓ ءَالِهَةٞ كَمَا يَقُولُونَ إِذٗا لَّٱبۡتَغَوۡاْ إِلَىٰ ذِي ٱلۡعَرۡشِ سَبِيلٗا

(Мұхаммед Ғ.С.): “Егер Алла мен бірге олардың айтқандарындай тәңір болса еді, онда әрине ғаршының иесіне бір жол іздер еді. (Не қарсы шығар еді, немесе бой ұсынар еді.) info
التفاسير:

external-link copy
43 : 17

سُبۡحَٰنَهُۥ وَتَعَٰلَىٰ عَمَّا يَقُولُونَ عُلُوّٗا كَبِيرٗا

Алла (Т.) олардың айтқан нәрселерінен пәк, үстем, ірі. info
التفاسير:

external-link copy
44 : 17

تُسَبِّحُ لَهُ ٱلسَّمَٰوَٰتُ ٱلسَّبۡعُ وَٱلۡأَرۡضُ وَمَن فِيهِنَّۚ وَإِن مِّن شَيۡءٍ إِلَّا يُسَبِّحُ بِحَمۡدِهِۦ وَلَٰكِن لَّا تَفۡقَهُونَ تَسۡبِيحَهُمۡۚ إِنَّهُۥ كَانَ حَلِيمًا غَفُورٗا

Жеті көк және жер, сондай-ақ ондағы болғандар, Аланы пәктейді. Оны пәктеп, мақтамайтын еш нәрсе жоқ. Бірақ сендер олардың тасбихтарын (пәктеулерін) түсіне алмайсыңдар. Шынында Алла өте жұмсақ, аса жарылқаушы. info
التفاسير:

external-link copy
45 : 17

وَإِذَا قَرَأۡتَ ٱلۡقُرۡءَانَ جَعَلۡنَا بَيۡنَكَ وَبَيۡنَ ٱلَّذِينَ لَا يُؤۡمِنُونَ بِٱلۡأٓخِرَةِ حِجَابٗا مَّسۡتُورٗا

(Мұхаммед Ғ.С.) сен қашан Құран оқысаң сенімен ахиретке сенбегендердің арасына көмес бір перде жасаймыз. info
التفاسير:

external-link copy
46 : 17

وَجَعَلۡنَا عَلَىٰ قُلُوبِهِمۡ أَكِنَّةً أَن يَفۡقَهُوهُ وَفِيٓ ءَاذَانِهِمۡ وَقۡرٗاۚ وَإِذَا ذَكَرۡتَ رَبَّكَ فِي ٱلۡقُرۡءَانِ وَحۡدَهُۥ وَلَّوۡاْ عَلَىٰٓ أَدۡبَٰرِهِمۡ نُفُورٗا

Олардың жүректеріне Құранды түсінулеріне кедергі және құлақтарына қаға беріс жасадық. Құранда Раббыңды бір ғана деп еске алған кезіңде, олар жирен түрде арттарына бұрылып кете береді. info
التفاسير:

external-link copy
47 : 17

نَّحۡنُ أَعۡلَمُ بِمَا يَسۡتَمِعُونَ بِهِۦٓ إِذۡ يَسۡتَمِعُونَ إِلَيۡكَ وَإِذۡ هُمۡ نَجۡوَىٰٓ إِذۡ يَقُولُ ٱلظَّٰلِمُونَ إِن تَتَّبِعُونَ إِلَّا رَجُلٗا مَّسۡحُورًا

Біз, олар сені тыңдағанда, қайтып тыңдағандарын және өзара сыбырласқанда залымдардың: “Сендер, жадыланған біреуге ғана ілесесіңдер” дегендіктерін жақсы білеміз. info
التفاسير:

external-link copy
48 : 17

ٱنظُرۡ كَيۡفَ ضَرَبُواْ لَكَ ٱلۡأَمۡثَالَ فَضَلُّواْ فَلَا يَسۡتَطِيعُونَ سَبِيلٗا

Қара! Олар қандай мысалдар берді. (Ақын, сиқыршы, бақсы, жынды деді.) Олар, сөйтіп адасты. Олар енді жол таба алмайды. info
التفاسير:

external-link copy
49 : 17

وَقَالُوٓاْ أَءِذَا كُنَّا عِظَٰمٗا وَرُفَٰتًا أَءِنَّا لَمَبۡعُوثُونَ خَلۡقٗا جَدِيدٗا

Олар: “Біз, сүйектер және қоқыс болған кезде, жаңа бір жаратылыспен қайта тірілеміз бе? ”,-деді . info
التفاسير: