ترجمهٔ معانی قرآن کریم - ترجمه‌ى قزّاقى - خليفه الطاى

شماره صفحه:close

external-link copy
59 : 17

وَمَا مَنَعَنَآ أَن نُّرۡسِلَ بِٱلۡأٓيَٰتِ إِلَّآ أَن كَذَّبَ بِهَا ٱلۡأَوَّلُونَۚ وَءَاتَيۡنَا ثَمُودَ ٱلنَّاقَةَ مُبۡصِرَةٗ فَظَلَمُواْ بِهَاۚ وَمَا نُرۡسِلُ بِٱلۡأٓيَٰتِ إِلَّا تَخۡوِيفٗا

Біздің мұғжизалар жібермеуіміз бұрынғылардың мұғжизаны жасынға шығаруы ғана болды. Сондай-ақ Сәмүд еліне көрнеу түрде аруана жібердік. Бірақ оған зұлымдық қылып, өлтірді. Негізінде мұғжизаларымызды үрейлендіру үшін ғана жібереміз. info
التفاسير:

external-link copy
60 : 17

وَإِذۡ قُلۡنَا لَكَ إِنَّ رَبَّكَ أَحَاطَ بِٱلنَّاسِۚ وَمَا جَعَلۡنَا ٱلرُّءۡيَا ٱلَّتِيٓ أَرَيۡنَٰكَ إِلَّا فِتۡنَةٗ لِّلنَّاسِ وَٱلشَّجَرَةَ ٱلۡمَلۡعُونَةَ فِي ٱلۡقُرۡءَانِۚ وَنُخَوِّفُهُمۡ فَمَا يَزِيدُهُمۡ إِلَّا طُغۡيَٰنٗا كَبِيرٗا

(Мұхаммед Ғ.С. ) бір кезде саған: “Негізінде Раббың адамдарды баураған” деген едік. Саған Миғражда біз көрсеткенді (Б.Ж.М.К.Р.Х.Т.Ж-Қ.) және Құрандағы қарғалған ағашты (44-С.43-А.) адамдарға бір сынақ қылдық. (Өйткені, Миғраж уақиғасына да тозақтағы Заққұм ағашына да сенбеген.) Оларды қорқытуымыз, зор қателесуді ғана арттырады. info
التفاسير:

external-link copy
61 : 17

وَإِذۡ قُلۡنَا لِلۡمَلَٰٓئِكَةِ ٱسۡجُدُواْ لِأٓدَمَ فَسَجَدُوٓاْ إِلَّآ إِبۡلِيسَ قَالَ ءَأَسۡجُدُ لِمَنۡ خَلَقۡتَ طِينٗا

Сол уақытта періштелерге: “Адамға сәжде қылыңдар!”,-дедік. Сонда олар дереу сәжде қылды. Бірақ Ібіліс сәжде қылмай: “Балшықтан жаратқаныңа сәжде қыламын ба?”,-деді. info
التفاسير:

external-link copy
62 : 17

قَالَ أَرَءَيۡتَكَ هَٰذَا ٱلَّذِي كَرَّمۡتَ عَلَيَّ لَئِنۡ أَخَّرۡتَنِ إِلَىٰ يَوۡمِ ٱلۡقِيَٰمَةِ لَأَحۡتَنِكَنَّ ذُرِّيَّتَهُۥٓ إِلَّا قَلِيلٗا

Ібіліс: “Осы, менен ардақты қылғаныңды көрдің бе? Егер мені қиямет күніне дейін кешіктірсең, әлбетте ұрпақтарыңның өте азынан басқасын қырыма бір аламын” деді. info
التفاسير:

external-link copy
63 : 17

قَالَ ٱذۡهَبۡ فَمَن تَبِعَكَ مِنۡهُمۡ فَإِنَّ جَهَنَّمَ جَزَآؤُكُمۡ جَزَآءٗ مَّوۡفُورٗا

(Алла): “ Кет! Енді олардан кім саған ерсе, сонда рас жазаларың жаћаннам болады. Толық бір жаза ” деді. info
التفاسير:

external-link copy
64 : 17

وَٱسۡتَفۡزِزۡ مَنِ ٱسۡتَطَعۡتَ مِنۡهُم بِصَوۡتِكَ وَأَجۡلِبۡ عَلَيۡهِم بِخَيۡلِكَ وَرَجِلِكَ وَشَارِكۡهُمۡ فِي ٱلۡأَمۡوَٰلِ وَٱلۡأَوۡلَٰدِ وَعِدۡهُمۡۚ وَمَا يَعِدُهُمُ ٱلشَّيۡطَٰنُ إِلَّا غُرُورًا

“Олардан шамаң келгенін даусыңмен әуліктір. Және оларға, атты, жаяу түрде келіп, байбаламдап, дүрліктір. Сондай-ақ олардың малдарына, балаларына (арамдық араластырып) ортақ бол. Оларға жалған уәде бер. ” Негізінде шайтан оларға алдаудан басқа уәде бере алмайды. info
التفاسير:

external-link copy
65 : 17

إِنَّ عِبَادِي لَيۡسَ لَكَ عَلَيۡهِمۡ سُلۡطَٰنٞۚ وَكَفَىٰ بِرَبِّكَ وَكِيلٗا

“Шынайы құлдарым болса, оларға ықпалың жүрмейді. Раббым уәкілдікте жетік.” info
التفاسير:

external-link copy
66 : 17

رَّبُّكُمُ ٱلَّذِي يُزۡجِي لَكُمُ ٱلۡفُلۡكَ فِي ٱلۡبَحۡرِ لِتَبۡتَغُواْ مِن فَضۡلِهِۦٓۚ إِنَّهُۥ كَانَ بِكُمۡ رَحِيمٗا

Раббыларың сондай Алла; өзінің кеңшілігінен несібе іздеулерің үшін теңізде кеме жүргізеді. Өйткені, Ол, сендерге өте мейірімді. info
التفاسير: