আল-কোৰআনুল কাৰীমৰ অৰ্থানুবাদ - কাজাখী অনুবাদ- খলীফা আত-ত্বাই

Әнфәл

external-link copy
1 : 8

يَسۡـَٔلُونَكَ عَنِ ٱلۡأَنفَالِۖ قُلِ ٱلۡأَنفَالُ لِلَّهِ وَٱلرَّسُولِۖ فَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ وَأَصۡلِحُواْ ذَاتَ بَيۡنِكُمۡۖ وَأَطِيعُواْ ٱللَّهَ وَرَسُولَهُۥٓ إِن كُنتُم مُّؤۡمِنِينَ

(Мұхаммед Ғ.С.) олар, сенен ғанимат малы(соғыс олжасы) жайынан сұрайды: «Ғаниматтар; Аллаға және Пайғамбарына тән. Ендеше, егер мүмін болсаңдар, Алладан қорқып, араларыңды жарастырыңдар. Және Аллаға, Пайғамбарына бой ұсыныңдар » де. info
التفاسير:

external-link copy
2 : 8

إِنَّمَا ٱلۡمُؤۡمِنُونَ ٱلَّذِينَ إِذَا ذُكِرَ ٱللَّهُ وَجِلَتۡ قُلُوبُهُمۡ وَإِذَا تُلِيَتۡ عَلَيۡهِمۡ ءَايَٰتُهُۥ زَادَتۡهُمۡ إِيمَٰنٗا وَعَلَىٰ رَبِّهِمۡ يَتَوَكَّلُونَ

Сөзсіз мүміндер; Алла еске алынса, жүректері қобалжиды да оларға Алланың аяттары оқылса, сенімдері артылып, Раббыларына тәуекел қылады. info
التفاسير:

external-link copy
3 : 8

ٱلَّذِينَ يُقِيمُونَ ٱلصَّلَوٰةَ وَمِمَّا رَزَقۡنَٰهُمۡ يُنفِقُونَ

Сондай-ақ олар, намазды толық орындап, оларға берген несібемізден тиісті орынға жұмсайды. info
التفاسير:

external-link copy
4 : 8

أُوْلَٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡمُؤۡمِنُونَ حَقّٗاۚ لَّهُمۡ دَرَجَٰتٌ عِندَ رَبِّهِمۡ وَمَغۡفِرَةٞ وَرِزۡقٞ كَرِيمٞ

Міне солар, шынайы мүміндер. Олар үшін Раббыларының қасында да дәрежелер және жарылқау әрі көркем несібе бар. info
التفاسير:

external-link copy
5 : 8

كَمَآ أَخۡرَجَكَ رَبُّكَ مِنۢ بَيۡتِكَ بِٱلۡحَقِّ وَإِنَّ فَرِيقٗا مِّنَ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ لَكَٰرِهُونَ

(Шам жақтан саудамен қайтқан Әбу Сүфянның керуені Мұсылмандардың Мединеден шыққанынан секем ала теңіз жағалауымен жол алған бойда Меккеге де хабар бергендіктен Әбу Жаһіл мың кісілік шеру тартып, Бәдірге жетіп келеді. Сол сәтте, Алла (Т.) тарапынан Пайғамбар (Ғ.С.) ға керуен мен әскердің бірі алынатындығы білдірілгендіктен жолдастарымен кеңеседі.) (Мұхаммед Ғ.С.) Раббың сені, үйіннен хақ жолына шығарғанда мүміндердің бір бөлімі жақтырмаған еді. (Ғанимат бөлуде де кейбіреулер көңілсіз болды.) info
التفاسير:

external-link copy
6 : 8

يُجَٰدِلُونَكَ فِي ٱلۡحَقِّ بَعۡدَ مَا تَبَيَّنَ كَأَنَّمَا يُسَاقُونَ إِلَى ٱلۡمَوۡتِ وَهُمۡ يَنظُرُونَ

Шындық анықталғаннан кейін де олар көре тұра өлімге айдалғандай сенімен тартысты. info
التفاسير:

external-link copy
7 : 8

وَإِذۡ يَعِدُكُمُ ٱللَّهُ إِحۡدَى ٱلطَّآئِفَتَيۡنِ أَنَّهَا لَكُمۡ وَتَوَدُّونَ أَنَّ غَيۡرَ ذَاتِ ٱلشَّوۡكَةِ تَكُونُ لَكُمۡ وَيُرِيدُ ٱللَّهُ أَن يُحِقَّ ٱلۡحَقَّ بِكَلِمَٰتِهِۦ وَيَقۡطَعَ دَابِرَ ٱلۡكَٰفِرِينَ

Сол уақытта Алла, сендерге екі топтың бірінің сендердікі болатынын уәде етуде еді. Сендер, құралсыз керуеннің сендердікі болуын қалайсыңдар. Алла өз әмірлерімен шындықты шынға шығаруды, сондай-ақ қарсы болғандардың артын үзуді қалайды. info
التفاسير:

external-link copy
8 : 8

لِيُحِقَّ ٱلۡحَقَّ وَيُبۡطِلَ ٱلۡبَٰطِلَ وَلَوۡ كَرِهَ ٱلۡمُجۡرِمُونَ

Қылмыстылар жек көрсе де хақиқат шынға шықсын да бұзықтық жойылсын. info
التفاسير: