আল-কোৰআনুল কাৰীমৰ অৰ্থানুবাদ - কাজাখী অনুবাদ- খলীফা আত-ত্বাই

পৃষ্ঠা নং:close

external-link copy
50 : 40

قَالُوٓاْ أَوَلَمۡ تَكُ تَأۡتِيكُمۡ رُسُلُكُم بِٱلۡبَيِّنَٰتِۖ قَالُواْ بَلَىٰۚ قَالُواْ فَٱدۡعُواْۗ وَمَا دُعَٰٓؤُاْ ٱلۡكَٰفِرِينَ إِلَّا فِي ضَلَٰلٍ

(Тозақ сақшылары): "Сендерге елшілерің мұғжизалармен келмеді ме?",- дейді. Олар: "Әрине!",- дейді. (Сақшылар): "Ендеше жалбарыныңдар, кәпірлердің тілегі мүлде зая кетуде" дейді. info
التفاسير:

external-link copy
51 : 40

إِنَّا لَنَنصُرُ رُسُلَنَا وَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ فِي ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَا وَيَوۡمَ يَقُومُ ٱلۡأَشۡهَٰدُ

Расында елшілерімізге иман келтіргендерге дүние тіршілігінде де куәлікке тұратын (қиямет) күні де әлбетте жәрдем етеміз. info
التفاسير:

external-link copy
52 : 40

يَوۡمَ لَا يَنفَعُ ٱلظَّٰلِمِينَ مَعۡذِرَتُهُمۡۖ وَلَهُمُ ٱللَّعۡنَةُ وَلَهُمۡ سُوٓءُ ٱلدَّارِ

Ол күні залымдардың желеулері кәдеге аспайды. Оларға қарғыс болады. Және жұрттың жаманы да солардікі. info
التفاسير:

external-link copy
53 : 40

وَلَقَدۡ ءَاتَيۡنَا مُوسَى ٱلۡهُدَىٰ وَأَوۡرَثۡنَا بَنِيٓ إِسۡرَٰٓءِيلَ ٱلۡكِتَٰبَ

Расында Мұса (Ғ.С.) ға тура жол беріп, Израил ұрпақтарын Тәуратқа мұрагер қылдық. info
التفاسير:

external-link copy
54 : 40

هُدٗى وَذِكۡرَىٰ لِأُوْلِي ٱلۡأَلۡبَٰبِ

Ақыл иелеріне тура жол әрі үгіт. info
التفاسير:

external-link copy
55 : 40

فَٱصۡبِرۡ إِنَّ وَعۡدَ ٱللَّهِ حَقّٞ وَٱسۡتَغۡفِرۡ لِذَنۢبِكَ وَسَبِّحۡ بِحَمۡدِ رَبِّكَ بِٱلۡعَشِيِّ وَٱلۡإِبۡكَٰرِ

(Мұхаммед Ғ.С.) ендеше сабыр ет. Шын мәнінде Алланың уәдесі хақ. Ертелі-кеш күнәңның жарылқануын тіле. Раббыңды дәріптеп, мақта. info
التفاسير:

external-link copy
56 : 40

إِنَّ ٱلَّذِينَ يُجَٰدِلُونَ فِيٓ ءَايَٰتِ ٱللَّهِ بِغَيۡرِ سُلۡطَٰنٍ أَتَىٰهُمۡ إِن فِي صُدُورِهِمۡ إِلَّا كِبۡرٞ مَّا هُم بِبَٰلِغِيهِۚ فَٱسۡتَعِذۡ بِٱللَّهِۖ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلسَّمِيعُ ٱلۡبَصِيرُ

Алланың аяттарына байланысты өздеріне бір дәлел келмесе де тартысқандардың көкіректерінде өздері әсте жете алмайтын бір менмендік бар. Енді Аллаға сиын. Күдіксіз Ол, толық естуші, аса қырағы. info
التفاسير:

external-link copy
57 : 40

لَخَلۡقُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ أَكۡبَرُ مِنۡ خَلۡقِ ٱلنَّاسِ وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يَعۡلَمُونَ

Әлбетте көктер мен жерді жарату, адамдарды жаратудан зор. Бірақ адамдардың көбі түсінбейді. info
التفاسير:

external-link copy
58 : 40

وَمَا يَسۡتَوِي ٱلۡأَعۡمَىٰ وَٱلۡبَصِيرُ وَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّٰلِحَٰتِ وَلَا ٱلۡمُسِيٓءُۚ قَلِيلٗا مَّا تَتَذَكَّرُونَ

Соқыр мен көруші тең емес. Сондай-ақ иман келтіріп, ізгі іс істегендер мен жамандық істеушілер де тең емес. Аз ғана түсінесіңдер. info
التفاسير: