আল-কোৰআনুল কাৰীমৰ অৰ্থানুবাদ - কাজাখী অনুবাদ- খলীফা আত-ত্বাই

পৃষ্ঠা নং:close

external-link copy
23 : 27

إِنِّي وَجَدتُّ ٱمۡرَأَةٗ تَمۡلِكُهُمۡ وَأُوتِيَتۡ مِن كُلِّ شَيۡءٖ وَلَهَا عَرۡشٌ عَظِيمٞ

"Расында оларға патша болған бір қатын таптым. Оған әр түрлі нәрсе берілген әрі оның үлкен тақты бар." (Шахыл қызы Былқыс қатын патша еді. Б.М.К.Р.) info
التفاسير:

external-link copy
24 : 27

وَجَدتُّهَا وَقَوۡمَهَا يَسۡجُدُونَ لِلشَّمۡسِ مِن دُونِ ٱللَّهِ وَزَيَّنَ لَهُمُ ٱلشَّيۡطَٰنُ أَعۡمَٰلَهُمۡ فَصَدَّهُمۡ عَنِ ٱلسَّبِيلِ فَهُمۡ لَا يَهۡتَدُونَ

"Оны да елін де Алладан өзге күнге табынғанын көрдім. Шайтан оларға істеген істерін әдемі көрсетіп, жолдан тосқан. Сондықтан тура жол таба алмайтын көрінеді." info
التفاسير:

external-link copy
25 : 27

أَلَّاۤ يَسۡجُدُواْۤ لِلَّهِ ٱلَّذِي يُخۡرِجُ ٱلۡخَبۡءَ فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ وَيَعۡلَمُ مَا تُخۡفُونَ وَمَا تُعۡلِنُونَ

(Сәжде аяты бар.) "Көктер мен жердегі көместі көрнеуге шығаратын, өсімдіктерді өсіретін, сондай-ақ олардың көрнеу, көмес істегендерін білетін Аллаға неге сәжде қылмайды?" info
التفاسير:

external-link copy
26 : 27

ٱللَّهُ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ رَبُّ ٱلۡعَرۡشِ ٱلۡعَظِيمِ۩

"Ұлы ғаршының Раббы Алла, Одан басқа ешбір тәңір жоқ." info
التفاسير:

external-link copy
27 : 27

۞ قَالَ سَنَنظُرُ أَصَدَقۡتَ أَمۡ كُنتَ مِنَ ٱلۡكَٰذِبِينَ

(Сүлеймен Ғ.С.): "Шын айттық ба? Немесе өтірікшілерденсің бе? Көреміз" деді. info
التفاسير:

external-link copy
28 : 27

ٱذۡهَب بِّكِتَٰبِي هَٰذَا فَأَلۡقِهۡ إِلَيۡهِمۡ ثُمَّ تَوَلَّ عَنۡهُمۡ فَٱنظُرۡ مَاذَا يَرۡجِعُونَ

"Мына хатымды алып барып; оны оларға таста да бұрылып тұрып күт. Не жауап қайтарар екен?" info
التفاسير:

external-link copy
29 : 27

قَالَتۡ يَٰٓأَيُّهَا ٱلۡمَلَؤُاْ إِنِّيٓ أُلۡقِيَ إِلَيَّ كِتَٰبٞ كَرِيمٌ

(Былқыс): "Әй бастықтар! Маған бір елеулі хат тасталды" деді. info
التفاسير:

external-link copy
30 : 27

إِنَّهُۥ مِن سُلَيۡمَٰنَ وَإِنَّهُۥ بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

"Ол, Сүлейменнен: «Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен» (бастаймын" дейді.) info
التفاسير:

external-link copy
31 : 27

أَلَّا تَعۡلُواْ عَلَيَّ وَأۡتُونِي مُسۡلِمِينَ

"Маған ұлықтық қылмаңдар, өзіме бағынган түрде келіңдер!",-(делінген.) info
التفاسير:

external-link copy
32 : 27

قَالَتۡ يَٰٓأَيُّهَا ٱلۡمَلَؤُاْ أَفۡتُونِي فِيٓ أَمۡرِي مَا كُنتُ قَاطِعَةً أَمۡرًا حَتَّىٰ تَشۡهَدُونِ

"Әй бастықтар! Маған ақыл беріңдер. Сендер болмайынша, бір іске шешім жасамаймын" деді. info
التفاسير:

external-link copy
33 : 27

قَالُواْ نَحۡنُ أُوْلُواْ قُوَّةٖ وَأُوْلُواْ بَأۡسٖ شَدِيدٖ وَٱلۡأَمۡرُ إِلَيۡكِ فَٱنظُرِي مَاذَا تَأۡمُرِينَ

Олар: "Біз күшті, қатты жауынгерміз. Әмір беру саған тән. Қане не бұйырасың!",- десті. info
التفاسير:

external-link copy
34 : 27

قَالَتۡ إِنَّ ٱلۡمُلُوكَ إِذَا دَخَلُواْ قَرۡيَةً أَفۡسَدُوهَا وَجَعَلُوٓاْ أَعِزَّةَ أَهۡلِهَآ أَذِلَّةٗۚ وَكَذَٰلِكَ يَفۡعَلُونَ

(Патша, оларға): "Сөз жоқ, патшалар қашан бір мемлекетке кірсе, ол жерді бұзып, елінің құрметтілерін қор етеді. Осылайша істейді" деді. info
التفاسير:

external-link copy
35 : 27

وَإِنِّي مُرۡسِلَةٌ إِلَيۡهِم بِهَدِيَّةٖ فَنَاظِرَةُۢ بِمَ يَرۡجِعُ ٱلۡمُرۡسَلُونَ

"Әрине оларға бір сәлемдеме жіберіп, елшілер арқылы не жауап қайтаратындығын күтемін." info
التفاسير: